Четверг, 14 ноября, 2024
Басты бетUncategorizedАлматы облысында жыл басынан бері МӘМС-ке аударымдар 6,4 млрд теңгені құрады

Алматы облысында жыл басынан бері МӘМС-ке аударымдар 6,4 млрд теңгені құрады

Мұны бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-ның Алматы облыстық филиалының директоры Сәбит Пазилов айтты.

«Жыл басынан бері облыста медициналық сақтандыру қорына жарналар мен аударымдар 6,4 млрд. теңгені құрады. 01.01.2023 жылға халық саны — 1 539 575 адам. 1 наурыздағы жағдай бойынша Алматы облысы бойынша сақтандырылған халық саны — 1 221 816 адам», — деді филиал директоры.

Оның айтуынша, қала және облыс аудандарын бөліп қарастырғанда сақтандырылмаған азаматтардың ең көп саны ауылдық жерлерде тұрады. Бұл көрсеткіш бойынша Райымбек ауданы 1-орында тұр. Одан кейін Балқаш, Іле, Жамбыл аудандары көш бастап отыр.

Сонымен қатар филиал басшысы биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жарналарын төлеудегі өзгерістер туралы айтты:
1. Жұмыс берушілер жұмыскерлер үшін жалақы мөлшерінің 3%;
2. жалдамалы жұмыскерлер мен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шарты бойынша жұмыскерлер өз табысының 2%;
3. жеке кәсіпкерлер ең төменгі жалақыдан 5%, яғни 4 900 теңге;
4. өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар — республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін мөлшері 1 АЕК, яғни 3 450 теңге, қалған елді мекендердің тұрғындары үшін 0,5 АЕК құрайды, яғни айына 1 725 теңге;
5. дербес төлеушілер 3 500 теңге төлеуі қажет.

«2023 жылдан бастап арнайы салық режимдерін қолданатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бірыңғай төлем енгізілді. Осы әдіс бойынша барлық міндетті төлемдердің мөлшері жұмыс берушілер үшін 15%, ал қызметкерлер үшін бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 10% құрайды. Бұл ретте төлем есептелетін ең жоғары айлық табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс», — деді филиал директоры.

Сәбит Пазиловтың айтуынша, мемлекет азаматтардың 15 жеңілдетілген санаты үшін жарна төлеуді (4 505,6 тг) жалғастырады.

Ақерке Жұмағазықызы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments