Суббота, 14 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында медициналық құралдармен, санитарлық автокөлікпен қамту деңгейі 90%-ға жетті

Алматы облысында медициналық құралдармен, санитарлық автокөлікпен қамту деңгейі 90%-ға жетті

Медициналық қызметтің қолжетімді болуы және 2025 жылға дейін шалғай елді мекендерді де толық қамту үшін 109 нысан салу көзделген, соның 23-і биыл салынады, сол қатарда 20 блокты-модульді медпункттер де бар. Бұл жайында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтан қаласында өткізген брифингі кезінде айтты, — деп хабарлайды Jetisy Media.
Спикердің айтуынша, денсаулық сақтау саласында 2020-2021 жылдары коронавируспен күрес шараларына жергілікті бюджеттен 14 млрд. теңге бөлінді. Талдықорған қаласында қысқа мерзімде 200 орындық модульді инфекциялық аурухана салынды.
3 томограф, 18 рентген-аппарат, 219 ИВЛ, 180 жедел жәрдем машинасы, 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. «Соның нәтижесінде медициналық құрал-жабдықтармен және санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету деңгейі 90% көтерілді», — деді А.Баталов.
Сондай-ақ баяндамашы қазіргі кезде халыққа вакцина егу жұмыстарының белсенді жүріп жатқанын, 410 мың доза вакцина алынғанын айтты. Бірінші компоненті 211 мың адамға, екінші компоненті 119 мың адамға салынған. Облыста барлығы 1,1 млн. адамды қаму жоспарланған.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments