Пятница, 26 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында селден қорғайтын 26 нысан жұмыс істеп тұр

Алматы облысында селден қорғайтын 26 нысан жұмыс істеп тұр

Бұл туралы бүгінгі өткен баспасөз жиынында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы Қайсар Тұрсынжанов айтты.

«Қазселденқорғау» мекемесінің балансында халықтың шаруашылық нысандарын қорғау мақсатында салынған 26 гидротехникалық селденқорғау нысандары бар. Атап айтқанда: Есік қаласында — 16, Талғар ауданында — 1, Шелекте -2, Жамбыл ауданында -1, Қарасай ауданында -3, Райымбек ауданында -3″,- деді Қайсар Тұрсынжанов.

Баспасөз мәжілісінде көктемгі су тасқынының алдын алу мәселесі де сөз етілді.

«2022-2023 жылдар аралығында қар көшкіні қауіпті кезеңіне дайындық барысында бірқатар шаралар қолға алынды. Соның бірі — ауылдық округ әкімдіктеріне, жергілікті ұйымдардың басшыларына және қар көшкіні қауіпті аймақтарда орналасқан тұрғын үй иелеріне 201 ескерту-хабарламалар мен 285 ескертпе парақшалар таратылды. Бұдан бөлек, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандарымен бірге жоғарғы сынып оқушыларына қар көшкінінен сақтану бойынша семинар өткізілді. Сондай-ақ қар көшкініне қауіпті аймақтарға 8 дана ескерту қалқандары орнатылды»,- деді Қайсар Тұрсынжанов.

Аталған шаралардан басқа, демалушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Ақбұлақ» шаңғы базасында қарды 13 рет жару жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар сел жүрудің алдын алу мақсатында Есік және Қаскелең өзендерінің арнасы мұздан тазартылды.

«Бүгінде облыста «Қазселденқорғау» мекемесінің 5 диспетчерлік пункті, 15 гидрологиялық бекеттері және 3 қар көшкініне қауіпті аймақтарды бақылау маршруттары жұмыс жасап жатыр. Және 15 адамнан тұратын жедел штаб құрылып, төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша жұмыстарға қатысу үшін құрамында 11 адам, 4 бірлік жедел-кезекші техника және 7 бірлік ауыр техникасы бар арнайы топ жасақталды»,- деді маман.

Айта кетейік, «Қазселденқорғау» мекемесіне тиесілі аумақта 57 сел жүру, 192 топырақ көшкіні мен 55 қар көшкіні орын алуы мүмкін қауіпті аймақтар тіркелген. Атап айтсақ,
• селге қауіпті ошақтар — Қарасай ауданында – 19, Талғар ауданында — 4, Еңбекшіқазақ ауданында – 15, Кеген ауданында – 8, Райымбек ауданында – 7 және Жамбыл ауданы –4. Жалпы ауданы 7 миллионнан астам шаршы метрді құрайды;
• топырақ көшкіні — Қарасай ауданында – 102, Талғар ауданында — 47, Еңбекшіқазақ ауданында – 31, Кеген ауданында – 11 және Райымбек ауданында – 1. Жалпы ауданы 3 218 849 шаршы метр;
• қар көшкіні — Еңбекшіқазақ ауданында- 24, Талғар ауданында — 31. Жалпы ауданы 80 200 шаршы метр.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments