Среда, 21 февраля, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында суға шомылу маусымына дайындық басталды

Алматы облысында суға шомылу маусымына дайындық басталды

Бұл туралы Алматы облыстық ТЖД өкілдері баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, былтыр суға кеткен адам саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 47 пайызға төмендеген. Қауіптің алдын алу маңызды. Осыған байланысты, құтқарушылар биыл бірқатар іс-шара жоспарын бекітті.

«Департаментпен Ұзынағаш ауылының 28 237 азаматтық қорғаныс әскери бөлімімен және еріктілермен бірлесіп тәжірибелік іс-шаралар кешенін өткіземіз. Судағы қауіпсіздік ережелерін тұрғындар арасында жіті түсіндірмекпіз», — дейді облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Дидар Асқарбекұлы.

Мамандардың айтуынша, көбіне судағы оқыс жағдайлар тұрғындардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан болады. Әсіресе, шомылуға тыйым салынған орындарда демалуынан туындап отыр. Осыған байланысты, облыс әкімдігі шомылу орындарының санын 7-ден 44-ке дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Айта кетерлігі, биыл шомылу маусымы кезеңінде күшейтілген профилактикалық іс-шараларды өткізу үшін жергілікті бюджеттен 36 млн. 454 мың теңге қаражат бөлінген. Сондай-ақ, балаларды жеке және коммуналдық жағажайларда, мектеп жанындағы лагерьлерде жүзуге үйрету үшін тиісті жұмыстар қолға алынбақ. Департаменттің құтқару бөлімшелерінің қосымша 6 мобильді бекеті, жергілікті атқарушы органдардан су айдындары мен жағажайларға шомылуға арналған қауіпті және жабдықталмаған учаскелерде 3 мобильді бекет кезекшілік ұйымдастырылатын болады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments