Сейсенбі, Қазан 3, 2023
Басты бет Жаңалықтар Алматы облысында қызылша ауруы өршіп кету ықтималдылығы төмен

Алматы облысында қызылша ауруы өршіп кету ықтималдылығы төмен

Бұл туралы бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Марат Исмаилов пен денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева айтты.
Мамандардың сөзінше, Алматы облысында 14 наурыз – 02 сәуір айы аралығында 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылшамен ауырудың 3 жағдайы тіркелді.
«Қарым-қатынаста болған 138 адам анықталып, оның ішінде эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 31 адамның 29-на қызылшаға қарсы екпе салынды», – деді Марат Исмаилов.
Сонымен қатар ол вирустың өзіне тән ерекшеліктерін ескерудің маңыздылығын айтты. Біріншіден, иммунитеті төмен адамдармен байланыста болған кезде, инфекцияның таралуы 90% және одан жоғары болуы мүмкін, екіншіден, қызылша ауруы ауа арқылы таралады. Сондықтан қызылшамен күресудің жалғыз жолы – екпе салдыру.
«Алматы облысында қызылшаның жаппай өршу қаупі төмен. Себебі, бұл өңір екпелермен жеткілікті қамтылған әрі жоспарлы түрде алдын алу шаралары жасалып жатыр», – деді бас санитарлық дәрігер.
Ал Лейла Серікбаева болса, қызылшадан қорғанудың жолдары туралы сөз етті.
«Қоршаған ортадағы вирустардың концентрациясын төмендетуге бағытталған әртүрлі қарапайым әдістер бар. Мысалы: ылғалды тазалау, үй-жайларды желдету, тыныс алу органдарын қорғау үшін бетпердені қолдану қажет», – деді маман.
Айта кетейік, 2022 жылы бір жастағы және 6 жастағы балалар арасында қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинациямен қамту 95%-ды құрады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments