Четверг, 25 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында Әз-Наурыз мерекесі 3 бағытта атап өтіледі - ҚХА

Алматы облысында Әз-Наурыз мерекесі 3 бағытта атап өтіледі — ҚХА

Бұл туралы бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Жандар Асан мәлімдеді.

«Наурыз мерекесін биыл Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы үш бағытта атап өтпек. Бұл үшін «NAURYZ: Береке. Бірлік. Келісім» атты кешенді іс-шаралар жоспары даярланды», — деді Жандар Асан.

Іс-шаралар негізгі үш бағыттан тұрады:

Бірінші, қоғамдық-бұқаралық сипатта;
Екінші, ақпараттық-насихаттық бағытта;
Үшінші, рухани-танымдық бағытта.

«Онкүндік аясында 45 түрлі бағыттағы іс-шара жүзеге асырылмақ. Ең бастысы – өңірдің әлеуетін бір мақсатқа шоғырландыруға мүмкіндік беретін ірі жалпыұлттық іс-шараларға басымдық берілді. Мәселен, «NAURYZ: жаңару мен жаңғыру» тазалық және «NAURYZ: саялы өлке» ағаш отырғызу акциялары – қоршаған ортаны қорғауға, аймақтағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Шара аясында облыста 10 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланып отыр.», — деді маман.
Бұдан бөлек:
• «NAURYZ: ұлағат» — ұлттық салт-дәстүр рәсімдерін жаңғыртуға бағытталған іс-шараларды ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесі іске асырмақ;
• «NAURYZ: аламан» атты қазақ тілін меңгерген этнос жастары арасындағы интеллектуалдық сайыс өтеді;
• «NAURYZ: бабадан мирас» — шеберлік сыныптары сериясында тамырын тереңнен алатын осынау өнердің ерекшеліктері туралы кәсіби зергерлер өз кеңестерімен бөліспек;
• «NAURYZ: ізгілік көмек» қайырымдылық акциясы болса, әлеуметтік осал топтан шыққан отбасыларға көмектесуге арналады;
• «NAURYZ: кәде» — жас ұрпаққа ұлттық нақыштағы сыйлықтар беру іс-шарасы өтеді;
• «NAURYZ: тағылым» атты аға буын өкілдерімен кездесулер сериясы ұйымдастырылады.

«Мерекелік онкүндік 22 наурызда «NAURYZ: береке, бірлік, келісім» жалпыхалықтық этно-мәдени іс-шарасымен өз мәресіне жетеді», — деді Жандар Асан.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments