Пятница, 11 октября, 2024
Басты бетCovidАлматы облысында 4 мыңға жуық оқушы қашықтықтан оқып жатыр

Алматы облысында 4 мыңға жуық оқушы қашықтықтан оқып жатыр

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек пен 14 қазан аралығында Алматы облысында оқушылар арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 1369 жағдайы тіркелді. Бүгінгі күні облыста 216 сыныптың 3996 оқушысы қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылды.

Айта кетейік, аймақта соңғы тәулікте коронавирустық инфекцияның 142 жаңа жағдайы анықталды. Оның ішінде 24-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында, 23-і оқушыларда кездескені белгілі болып отыр.
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,4% — дан 0,3% — ға дейін төмендеді. Өткен аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл — 0,5%, Балқаш — 0,5%, Қаратал — 0,5%, Райымбек-0,4% Сарқан-0,7% аудандарында байқалады.
Естеріңізге саламыз, облыста осы уақытқа дейін КВИ зертханалық расталған 53 277 жағдай тіркелген.
Айтпақшы, өңірде әлі күнге індетке қарсы екпе салу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі ресми мәлімет, 778 506 (65%) адам вакцинаның бірінші компонентін, екінші бөлігін 697 557 (58%) тұрғын салдырғанын көрсетуде.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments