20 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 48 745 жағдай тіркелген, оның ішінде 35 312 симптом белгілері бар.
100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2280,6 құрады.
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,6%-дан 0,5% – ға дейін төмендеді. Өткен аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл – 0,6%, Еңбекшіқазақ – 0,6%, Кербұлақ – 0,6%, Райымбек – 0,8%, Сарқан – 0,9% аудандарында және Талдықорған қаласында – 0,6% байқалады. Соңғы тәулікте КВИ 166 жағдайы тіркелді.
Айта кетейік, аймақта әлі күнге коронавирусқа қарсы вакцинациялау жүріп жатыр. Бүгінгі күні, екпенің бірінші бөлігін 731 837 адам, екінші компонентін 619 905 тұрғын қабылдады