Понедельник, 17 июня, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысының энергетика және ТҮКШ басқармасы бірнеше компаниямен Меморандумға қол қойды

Алматы облысының энергетика және ТҮКШ басқармасы бірнеше компаниямен Меморандумға қол қойды

Бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТҮКШ) басқармасының басшысы Асхат Бердіханов газ тасымалдаушы бірнеше компаниямен Меморандумға қол қойды.
Бұл құжаттың қабылдануының мақсаты – әр абоненттің газға қосылу бағасын тұрақтандыру.
«Соңғы кездері Алматы облысының тұрғындары көгілдір отынға қосылу бағасына жиі шағымданатын болды. Осыған орай біз өңірдегі 4 компаниямен арнайы құжатқа қол қоюды ұйғардық. Аталған істің нәтижесінде Талғар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай аудандарының халқы газға 350 мың теңгеге қосыла алады. Бұл Меморандумның мерзімі — 2023 жылдың желтоқсанына дейін. Уақытын ары қарай созу мәселесі де қарастырылып жатыр», — деді басқарма басшысы.
ТҮКШ басқармасының басшысы «Жетісу-ОблГаз» ЖШС, «Алматы-Газ Серисхолдинг» АҚ, «Тәуекел Газ Құбыры», «Тәуекел-Н-Алғабас», «Жетісу газ құбыры», «Эркай», «Isker Company», «APL Constaction», «Сигма газ» серіктестерімен ортақ құжат қабылдады. Ал газға қосылудың 350 мың теңге болып бекітілуінде жобалық-сметалық құжатқа, пайдаланылатын құрылыс материалдарына кеткен шығын есептелді.
Сонымен қатар Асхат Бердіханов баспасөз мәслихатында былтырғы жылдың соңында Алматы облысын газдандырудың өңірлік сызбасы жасалғанын айтты. Бұл сызба өңірдің 2030 жылға дейін газдандырылуының бас сызбасы болмақ.
«Бүгінде газ тасымалдауды дамытудың тежеуші факторлары — газ тасымалдау инфрақұрылымының тозуы және оның өткізу қабілетінің жеткіліксіздігі. Газбен жабдықтауға қауіп төндіретін ақаулар барлық жерде анықталды», — деді маман.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments