Четверг, 20 июня, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысы: АККА-ға шетелдік дәрігерлер келеді

Алматы облысы: АККА-ға шетелдік дәрігерлер келеді

Ағымдағы жылдың 20 ақпанында Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жұмыс сапарымен және науқастарды қабылдау мақсатында Нью-Делиден (Үндістан) дәрігерлер келеді.

Доктор Джитендра Кумар-нефрология және бүйрек трансплантациясының дәрігері. Жалпы жұмыс өтілі 25 жыл. Бүйрек ауруларын емдеуде тәжірибелі маман. Дәрігер диализ (диализдің барлық түрлері, перитональды диализ, гемодиахитрация, гемоперфузия техникасы, плазмафарез, SLED және CPRRI) және сенсибилизацияланған пациенттер мен сәйкес келмейтін бүйрек трансплантациясын жасайды.

Доктор Прабал Рой-инвазивті және лапароскопиялық әдістердің хирургі. Өт тас хирургиясының маманы. Аппендикэктомия, асқазан-ішек жолындағы лапароскопиялық хирургия, тік ішектің қатерлі ісігіне арналған лапароскопиялық колоректальды хирургия, минималды инвазивті аноректальды хирургия (геморрой/фистула/пилонидті синус). Білікті маман гастрохирургияның барлық түрлерін жалпы хирургиядан жетілдірілген. Сонымен қатар, ол Азия денсаулық ғылымдары институтының Фаридабад қаласындағы Escorts Hospitl зерттеу орталығында хирургия бөлімін құрған. Холецистэктомия, аппендэктомия және грыжа операциялары сияқты процедураларды сәтті орындап келеді.
Дәрігер трансфациальды лапароскопия техникасына инновациялар енгізіп, қолданып келеді.

Доктор Юврадж Кумар — ортопедиялық травмотолог-дәрігері. Буындарды ауыстыру бойынша білікті маман. Ол омыртқа хирургиясы, травмотология және артропластиканы қамтиды. Буындарды ауыстыру және омыртқа хирургиясы саласында үлкен тәжірибесі бар, бұлшықет жүйесімен байланысты ауруларды, атап айтқанда сүйектерді, буындарды, байламдарды, сіңірлер мен нервтерді емдеуде тәжірибесі бар. 500-ден астам хирургиялық процедураларды орындаған. Олар тізені толық ауыстыруды артроскопиялық операцияларды, жамбас буынын толық ауыстыруды, омыртқа хирургиясын, жарақат операцияларын қамтиды.

Барлық дәрігерлер Алматы облысының тұрғындарын 20 — 24 ақпан аралығында сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін қабылдайды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments