Четверг, 20 июня, 2024
Басты бетЖаңалықтарАнтикор мектептердегі алымдар үшін жауапкершілікті еске салады

Антикор мектептердегі алымдар үшін жауапкершілікті еске салады

Жыл сайын мектептерде соңғы қоңыраулар, бітіру кештері және мұғалімдер мен мектеп директорларына қымбат сыйлықтар алу тәжірибесі бар.

Оқушылардың ата-аналары қосымша шығындарды көтермеуі керек. Қазақстанда тегін орта білім. Барлық мектептерде алымдарға қатаң тыйым салынады.

Осыған қарамастан, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 1424 Call-орталығы арқылы мектептердегі алымдар фактілері бойынша 20-дан астам өтініш келіп түсті.

Бұл ретте, ведомствода аталған заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік туралы еске салынған.

Атап айтқанда, мектеп директорлары үшін заңсыз материалдық сыйақы мен пара алу үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік шарасы – 600 АЕК айыппұл (ҚР ӘҚБтК 677 – бабы), қылмыстық үшін – мүлкі тәркілене отырып, пара сомасының 20 еселенген мөлшеріндегі айыппұлдан 15 жылға дейінгі мерзімге дейінгі бас бостандығынан айыру (ҚР ҚК 366-бабы).

Сондай-ақ мұғалімдерге құны 10 АЕК-тен асатын сыйлықтар беруге тыйым салынады (ҚР АК 509-бабы). Өзге жағдайда 2000 АЕК дейін айыппұл түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген (ҚР ҚК 247-бабы).

Осыған байланысты, егер Сіз ата-аналардан немесе қызметкерлерден ақша жинау фактілері, сондай-ақ басқа да сыбайлас жемқорлық көріністері туралы білсеңіз, 1424 Call-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз. Азаматтардың барлық өтініштері міндетті түрде қаралады, барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments