Сіздер Қазақстанда басқа да әлеуметтік төлемдермен қатар, 20-ға жуық азаматтардың санатына арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленетінін білесіздер ме?
Бұл жәрдемақы түрі келесі азаматтарға тиесілі:
– ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген азаматтар;
– қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жесірлері;
– ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан әскерилердің отбасылары;
– қоршауда қалған Ленинград тұрғындары;
– кәмелетке толмаған бұрынғы концлагерь тұтқындары;
– Чернобыль АЭС-дағы және басқа да апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың отбасылары және басқалары.
Жәрдемақыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы рәсімдеуге болады.
Қандай құжаттарды ұсыну қажет?
* белгіленген үлгі бойынша өтініш;
* жеке басын куәландыратын құжат;
* банк шоты бойынша мәліметтер;
* жәрдемақыны алу құқығын растайтын құжат