Сейсенбі, Мамыр 17, 2022
Басты бет Жамбыл-175 жыл Аудан әкімі Нұрлан Ертасұлы Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің жөндеу жұмыстарымен танысты және...

Аудан әкімі Нұрлан Ертасұлы Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің жөндеу жұмыстарымен танысты және ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді

Кездесуге ауыл ақсақалдары, мәдениет қызметкерлері және ауыл жастар қатысты.
Жиналыста сөз сөйлеген аудан басшысы:
«Құрметті жерлестер! Биыл ұлы жырау, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы. Мен жаңа ғана музейдің жөндеу жұмыстарын көріп қайттым. Осы жылдың соңына дейін Жамбыл Жабаевтың музейі мен күмбезі толығымен қайта қалпына келтіріледі. Бұл жұмыстар — ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді әлемге әйгілеген Жамбыл бабамыздың өшпес рухына көрсетілген құрмет.   
Жамбыл ауылы өзге ауылдарға үлгі болуы тиіс.
Сіздердің округте 6000- ға жуық халық бар. Оның 1300- ден астамы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Біз осы олқылықтардың орынын толтыруға күш жұмсауымыз керек.
Ол үшін ауылдан кәсіп ашатын азаматтарды қолдау, инвестиция тарту, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, мал басын өсіру сынды негізгі жұмыстарды жандандыруымыз қажет»—деді.
Айта кетейік, аудан бойынша жылдық жиналатын салықтың көлемі 12 млрд. теңге. Ал, жылдық жұмсайтын шығынымыз 35 млрд. теңгені құрайды.
Бақтияр Айталы
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments