Понедельник, 14 октября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАуыл халқына көңіл бөлу керектігі айтылды

Ауыл халқына көңіл бөлу керектігі айтылды

Бүгін Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады.

Жолдауда ел Президенті  еліміздің әлеуметтік қал-ахуалы мен экономикалық даму стратегиясын жүзеге асырудың нақты жоспарларымен бөлісіп, тиісті Үкіметке соны жүзеге асыруға тапсырмалар берді.

Бұл Жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет банктерге көмектеспеуі керек. Себебі, екінші деңгейлі банктер ауылдардың дамуына, кіші және орта кәсіпкерліктің дамуына көңіл бөлмей келеді. Сол үшін микрокредиттік мекемелерге басымдық беріп, ауыл халқының жағдайын жақсартуға бар күш-жігерді салуымыз қажет»,-деді. Сондай-ақ, ауылдардағы жайылымдық жерлерді қалтасы қалың азаматтар мен әкімдікте танысы бар жандар иеленіп алып, ол жерді не өзі қолданбай не халыққа бермей отырғандығын сөз еткен мемлекет басшысы бұл олқылықтардың орнын жойып, жайылымдық жерлердің мәселелерін реттеуді тапсырды. Сонымен қатар ветеринарлық және аграрлық саланың дамуына да көңіл бөлу керектігін алға тартқан ел Президенті ауылшаруашылық саласымен айналысып жүрген кіші және орта кәсіпкерлікпен айналысып жүрген шаруаларға да субсидия беру мәселесін жіті қадағалауды да тапсырды.

Осылайша Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Жолдауында ауыл халқына көбірек көңіл бөлу керектігін тілге тиек етіп бұдан да басқа бірқатар мәселелерді жолға қою керектігін атап өтті. Мәселен, IT мамандарын даярлау, мемлекеттік тіл мәртебісін дамыту, дәрі-дәрмек өндірісін 17% дан 50% ға дейін көтеру, ең төменгі жалақына көтеру, халыққы қолжетімді баспана алу бағдарламасын әзірлеу, білікті де білімді әскери мамандар даярлау сынды т.б. өзекті тақырыптарды көтеріп, осы айтылған мәселелердің орындалуы үшін Үкіметке тиісті шараларды жыл соңына дейін атқару керектігі айтылды.

Бұл Жолдау Қазақстан халқының  келешегінің кемел болуына, елдің гүлденуіне зор мүмкіндік жасайтын жолдау боларына нық сеніммен қараймыз.

Ықылас Еркінұлы Амалбек,

«Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments