Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарАуғанстанда мұғалімдер 15 жылдан бері мектепке резеңке баллондармен қатынап жүр

Ауғанстанда мұғалімдер 15 жылдан бері мектепке резеңке баллондармен қатынап жүр

Ауғанстанда мұғалімдер өзеннің арғы бетіндегі мектепке жел толтырылған резеңке баллондармен жетеді. Өйткені, мұнда не қайық, не көпір жоқ. Елдің шығысындағы Нангархар провинциясында өзеннің ені — 50 метрге жуықтайды. Оқытушылар 15 жылдан бері жұмысқа осылай қатынап жүр. Көпір салуға жоқшылық кедергі дейді. Ауғанстанда ондаған жылға созылған соғыстан экономика әбден тұралаған. Бұл ел әлемдегі ең кедей және нашар дамыған мемлекеттердің бірі болып отыр. 2021 жылдың тамызында «Талибан» билікке оралғаннан кейін қаржылық дағдарыс тіпті ушыға түскен.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments