Вторник, 5 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАшықтық пен әділдікке негізделген азаматтық қоғам құру – қазіргі күннің басты талабы

Ашықтық пен әділдікке негізделген азаматтық қоғам құру – қазіргі күннің басты талабы

Осыған бастайтын бір жол – жемқорлықты түп-тамырымен жою. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында бұл бағытқа ерекше мән беріп, кейін Қазақстан Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінде нақтылаған 10 маңызды бағыттың бірін «Сыбайлас жемқорлықты жою» деп белгіледі. Бүгінде Талдықорған қаласында сыбайластықпен күрес жолында бірқатар шаруалар атқарылып жатыр. Өңірдегі сыбайластық жағдайы айтылып, талқыланған жиынға шаһар басшысы Әсет Масабаев та қатысты.
Жалпы, мемлекеттік сатып алу саласындағы жариялылық пен ашықтықты арттыру мақсатында департамент мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізіп отыр. Нәтижесінде сатып алу бағалары қайта қарастырылып, 972 млн. теңге бюджет қаражаты үнемделген. Сондай-ақ әкімшілік практикасы жұмысы да жандандырылған.
Өңірде 2020 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу институты заңнамалық деңгейде жұмыс істеп келеді. Осы уақытқа дейін хабарлама берген 22 адам ынталандырылып, 4 088 190 теңге көлеміндегі заң бұзушылық фактісі анықталған.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments