Жексенбі, Қараша 27, 2022
Басты бет Жаңалықтар Ағымдағы жылдың 5 қарашасында мемлекет басшысы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Прокуратура туралы»...

Ағымдағы жылдың 5 қарашасында мемлекет басшысы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Прокуратура туралы» конституциялық заңға қол қойды.

Ағымдағы жылдың 5 қарашасында мемлекет басшысы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Прокуратура туралы» конституциялық заңға қол қойды.

Бұл жаңашылдықтар әр салада заңның сақталуын қадағалауды күшейту мақсатында жасалып отыр.

 

Жаңа өзгерістерге сәйкес, әскери және көлік прокуратураларының басшылары, аудандық және оларға теңестірілген прокурорлар заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында лауазымды адамдарға, мемлекеттік органдарға, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға жүгінуге құқылы.

 

«Заңды түсіндіру» деген прокурорлық жауап актісі «Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру» деген атаумен ауыстырылды.

 

Сондай-ақ, заңға сәйкес прокуратура органдары келесі санаттардағы өтініштерді қарайды:

 

-адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қалпына келтіру бойынша, егер олар физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және басқа да мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ адамдардың шексіз шеңберін өз бетінше қорғай алмаса;

 

-адамның және азаматтың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, егер бұл мүдделерді қорғауды құзыретіне тиісті өкілеттіктер кіретін уәкілетті орган тиісінше қамтамасыз етпесе немесе мұндай орган болмаған жағдайда;

 

-жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, мекемелер, олардың лауазымды адамдары, меншiк нысанына қарамастан өзге де ұйымдар араласқан жағдайда олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға және қалпына келтiруге;

 

-Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен ұлттық қауiпсiздiгiне қатер төндiру;

 

-адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге әкеп соғатын заң бұзушылық фактілері бойынша;

 

-Президенттің тапсырмалары бойынша;

 

-Бас прокурордың тапсырмалары бойынша.

 

Арызды қарау мерзімі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, прокуратура органдарына келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments