Пятница, 19 апреля, 2024
Басты бетЖамбыл-175 жылАқын жырына құштар шәкірттер

Ақын жырына құштар шәкірттер

Жүзге жеткенше жүрегінен жыр саулаған ұлтымыздың ұлы жырауы ең алдымен бізге керек. Ұлтқа үлгі, ұрпаққа өнеге болу үшін мектеп жасындағы жас жеткіншектердің санасына жыраудың жырын, мұрасын, үнін сіңіру қажет.

Иə, биыл ұлы жырау, теңдессіз айтыскер, «Өлең-жырдың даңғылы», қазақтың ұлы Жамбылының 175 жылдық мерейі. Осыған орай Ақсеңгір орта мектебінде ақын өмірі мен өнерін насихаттау мақсатында жоспар құрылып, іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, ақынның туған күніне орай Ақсеңгір орта мектебінің ұйымдастыруымен «Енді, міне, қарасам, айналам бақыт кең жатыр» атты Жамбыл аудандық жыр мүшəйрасы өтті. Бұл мүшəйраға қазіргі елдегі ахуалға орай 145 оқушы қашықтықтан қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды. Мүшəйраға қатысқан барлық оқушы марапатсыз қалған жоқ.

«Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт. Ел бірлігін сақтаған татулықты айт». Ақын жырының алтын арқауы – ізгілік, елдік, бірлік. Жамбыл сөз қағыстырғанда тұтас елдің туын жықпай, абыроймен алып шыққан ақын. Ақын ұрпақтары ақын даңқын əйгілей отырып, жазғы демалыс уақытында «Жүз жасаған бəйтерек» тақырыбында оның өлеңдерін мəнерімен нақышына келтіре оқып, əлеуметтік желілерге жариялады. Əлеуметтік желінің желдей ескен парақшаларында Жамбылдың туындылары оқушылардың өзіндік үлес қосмуымен тұрақты жарияланып жүр. Мектеп кітапханасында ұлы жыраудың 175 жылдық мерейіне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларға таныстырылды. Жамбыл бабамыздың мерейтойына арналған іс-шаралар мектебімізде жыл бойы өтеді. Бұл біздің перзенттік борышымыз.

 Серікбай ӨРКЕНҰЛЫ,

Ақсеңгір орта мектебі директорының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments