Понедельник, 2 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарБəрімізге ортақ жеңіс

Бəрімізге ортақ жеңіс

 

 

Жуырда Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті.

Жиында өңірдің мәдениетіне үлес қосқан үздіктер марапатталды. Солардың ішінде Жамбыл ауданының кітапханасы «Үздік кітапхана» номинациясы бойынша марапатталып, 200 000 теңге сертификатты жеңіп алды.

– Облыс көлемінде бақ сынаған кітапханалар көп болды. Біздің ұжым бұл сайысқа тыңғылықты дайындалып, көрнекі жұмыстарымызды ұсындық. Нәтижесінде, ауданның абыройын көтеріп, үздік деп танылдық. Бұл жеңіс тек бір өзімнің меншігім емес, аудандық кітапхана ұжымының ортақ жеңісі. Жыл басынан бері ұйымдастырылған түрлі ісшараларға белсенді қатысып, түрлі мәдени шаралар өткіздік. Сол еңбегіміз еленгеніне қуаныштымыз, – деді аудандық кітапхана директоры Бибінұр Ермекбайқызы.

А.БАҚТИЯР.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments