Понедельник, 22 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарБайқоңырдан Ресейдің Жерді бақылайтын спутнигі ұшырылды

Байқоңырдан Ресейдің Жерді бақылайтын спутнигі ұшырылды

Соңғы бір айда «Байқоңыр» ғарыш айлағынан екі ғарыштық ұшырылым жүзеге асырылды.

Бүгін Астана уақытымен сағат 14:36-да ғарыш айлағының №31 алаңынан №4 Жерді қашықтықтан зондтау ресурс — П ғарыш кемесі бар «Союз-2.1б» зымыран тасымалдағышы ұшырылды.

Роскосмос телестудиясы мамандарының ұшыру алаңынан жүргізген тікелей эфирі 13 сағат 50 минутта басталып, ғарыш кемесі орбитаға шыққанға дейін жүргізілді.

Ұшыру қалыпты режимде өтіп, зымыран тасымалдағыштың сатыларын бөлу белгіленген уақытта жүзеге асырылды және ұшырылғаннан кейін 10 минуттан соң ғарыш кемесі Жер орбитасына шығарылды.

Ресейлік Жерді қашықтықтан зондтау спутнигі планетамыздың табиғи ресурстарын зерттейді, қоршаған ортаның ластануын бақылайды, пайдалы қазбалардың кен орындарын іздейді, мұз жағдайын және төтенше жағдайларды бақылайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінгі алғашқы ұшырылым 2024 жылдың 23 наурызында Беларусьтің алғашқы әйел ғарышкерінің басқаруымен ХҒС-қа ұшқан «Союз МС-25» ғарыш кемесі болды.

Ал 2024 жылғы 29 ақпанда Восточный ғарыш айлағынан Ресейдің ең жаңа «Метеор-М» №2-4 ғарыш кемесі сәтті ұшырылып, орбитаға шығарылды. Бұл климат пен қоршаған ортаны бақылауды қамтамасыз ететін «Метеор-3М» гидрометеорологиялық тобының бөлігі саналады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments