Бейсенбі, Мамыр 19, 2022
Басты бет Жаңалықтар Балқаш ауданының диқандары 3 мың тоннадан астам күріш жинауды жоспарлауда

Балқаш ауданының диқандары 3 мың тоннадан астам күріш жинауды жоспарлауда

Алматы облысында стратегиялық маңызы бар дақылдарды жинау науқаны басталды. Атап айтқанда Балқаш өңірінің ақ маржаны – күрішке орақ түсіп, еңбектің көрігі қызып тұр. Дала төсін дүбірге бөлеген комбайндар егіс алқабының ажарын аша түскен.


Айталық, «Динара» өндірістік шаруа қожалығындағы жалпы егіс көлемі 5 350 гектарға жуық. Оның ішінде 1500 гектары күріш, 800 гектары арпа, 200 гектары бидай, сүрлемдік жүгері-1000 гектар, жоңышқа-1400га, пішендеме-295 гектар.
2021 жылы компания 2059 тонна күріш, 8089 тонна жоңышқа, 12 мың тонна сүрлемдік жүгері, 1128 тонна арпа өндірді.
Ауданда күріштің үш түрі – «Бақанас», «Регул», «Заря» атты сорттары өсіріледі.
Технопарктерімізді жаңарту, элиталық тұқым сорттарын сатып алу арқылы өнімділікті көтерсек деген ойдамыз. Осыған байланысты негізгі бағыт ретінде жердің де құнарлығын арттыруымыз керек. Жалпы өнім сапасын жақсартуға қол жеткізу тынымсыз еңбекті талап етеді. «Бақанастың күрішін-ай» деп тамсанған жандарды көргенде қуанып қаламын. Біз үшін бұл – еңбегімізге берілген баға. Біздің күрішіміз облыстың, Алматы қаласының сауда сөрелерінде бар, – деді «Динара» өндірістік коорператив басшысы М.Айменов.
Атап өтсек, «Динара» өндірістік коорперативі 1996 жылы құрылған.Кәсіпорынның негізгі қызметі өсімдік шаруашылығын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу,сондай-ақ күрішті қайта өңдеу болып табылады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments