Пятница, 26 апреля, 2024
Басты бетРухани жаңғыруБасты мақсат - бағыт айқындылығы

Басты мақсат — бағыт айқындылығы

Рухани жаңғыру – ұлт болып ұйысуының, тарихты сақтаудың, тұлғаларды танытудың, болашақты бағдарлап, кемел келешекке ұмтылудың ғибратты ізденісі болып табылады. ХХІ ғасыр қазақ халқы үшін жаңа дəуірдің, жаңа белестің басталған уақыты. Ақпараттар ағыны толассыз жаңғыруда. Жаһандану заманында жаттың жетегінде кетпеу үшін ел ертеңіне алаңдайтын жайттар көп. Сондықтан ұрпақтың білімді болуы шарт. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаладағы қоғамның рухани жаңғыруы, əр адам санасының жаңғыруына қатысты бəсекеге қабілеттілік, білімнің салтанат құруы алға қойған мақсаттың нақты көрінісі екені даусыз.

Бұл күнде адам ресурстары мен технология арасындағы алшақтық байқала бастады. Оны алдын алу мен шешудің бір жолы – қоғамның бірлескен күшінің жұмылуы екені сөзсіз. Бұл дегеніміз – қоғамдық сананы жаңғырта отырып, бəсекеге төтеп беру, жүріп өткен жолымыздан сабақ алу, бағытымыздың анықтығын айқындау, рухани құндылықтарды жаңғырту болмақ. Тəуелсіздік кезеңінде мемлекеттің бірнеше саяси жəне экономикалық жаңғырудан өткені белгілі. Алайда, біртұтас ұлт ретінде қалыптасу үшін рухани жаңғырудың маңызы ерекше екенін енді түсініп жатырмыз. Жоғарыда аталған мақала осы түйткілді мəселені шешу жолдарын, əлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуде бəсекеге қабілетті қоғамның басты міндеттерін айқындап беріп отыр.

Əлем бір орнында тұрған жоқ. Ал оған ілесу бізден жылдам əрекет етуді талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда ұлттық сананың жаңғыруы мен сананың ашықтығы əсіресе өзекті болып отыр. Демек, рухани жаңғырудың бастауын, мақсатын, міндетін, бағытын айқындауға жəне тəжірибелік дағдыларын дамытуға қолдау көрсету біздің ендігі басты мақсатымыз бен міндетіміз саналады.

Ш.ТОЙБАЕВА, Жамбыл атындағы орта мектептің кітапханашысы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments