Суббота, 14 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарБетон діңгек шығаратын Орта Азиядағы жалғыз зауыт Алматы облысында орналасқан

Бетон діңгек шығаратын Орта Азиядағы жалғыз зауыт Алматы облысында орналасқан

Аталған кәсіп түрімен Еңбекшіқазақ ауданындағы «Unifruit» ЖШС 2016 жылдан бастап айналысады.

Бетон діңгектер шығарудағы басты мақсат — алма мен жүзімнің өнім көлемін арттыру. Бұл діңгектер тірек қызметін атқарып, жас көшеттердің жерсінуіне ықпал етеді. Өнім Қазақстандағы басқа зауыттарға тасымалданып, түрлі компаниялармен байланыс орнатылған. Өндіріс италияндық тәжірибеге сүйене отырып, қолға алынған.

“Біздің серіктестік бірнеше сұрыпты алма өндірумен де айналысатынын айта кеткен жөн. Жылдан-жылға тұтынушылар тарапынан сұраныс артып келеді”, — деді компания басшысының орынбасары Бекжан Маратов.

Зауытта 120-ға жуық маман қызмет етеді. Жылдық қаржы айналымы 3,3 млн теңге. Қуаттылығы 30 мың дана діңгек шығаруға жеткілікті.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments