Понедельник, 14 октября, 2024
Басты бетUncategorizedБиыл Алматы облыстық балалар ауруханасында 10 мыңға жуық бала ем алды

Биыл Алматы облыстық балалар ауруханасында 10 мыңға жуық бала ем алды

Бұл туралы Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Асқар Калиев өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасының травматология бөлімі 35 төсекке есептелген. Жыл басынан бері ауруханада 1215 бала стационарлық, 9725 бала амбулаторлық ем алған.
Мұнымен қоса, биыл дәрігер көмегіне уланып қалған 168 бала жүгінген. Оның ішінде ыс тиіп қалғандар да бар.

«Бала кезде жиі кездесетін жарақат түрлері тұрмыстық жағдаймен сипатталады: құлау, жаралану, күю, улану, өткір, кесетін заттармен жарақаттану, тыныс жолдарына әртүрлі ұсақ заттардың түсуі», — дейді Асқар Калиев.
Сөз соңында дәрігер қауіптің алдын алу мақсатында ата-аналарды балалар қауіпсіздігіне баса мән беруге шақырды. Әсіресе, жазғы демалыс кезінде бүлдіршіндерді ересектердің қарауынсыз қалдырмауға кеңес берді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments