Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарБиыл Алматы облысында суға батқан 35 адам құтқарылды

Биыл Алматы облысында суға батқан 35 адам құтқарылды

Бұл туралы Алматы облысының Өңірлік коммуникация қызметінің ақпарат алаңында ТЖД Азаматтық Қорғаныс басқармасының аға офицері Дидар Аскарбекұлы айтты.

«Жыл басынын бері департамент қызметкерлері 35 адамды, оның ішінде 3 баланы батып бара жатқан жерінен құтқарды. Жалпы, соңғы шомылу маусымында суға батқандар саны азайды. Бұндай оң динамика өңірлік ТЖД-нің жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп атқарған кешенді шараларының нәтижесі», – деді облыстық ТЖД қызметкері Асқарбекұлы Дидар
Сондай-ақ ол биыл шомылу маусымы кезеңінде күшейтілген профилактикалық іс-шараларды өткізу үшін жергілікті бюджеттен 36 млн теңгеден аса қаражат бөлінгенін атап өтті.
«Біз республикалық телерадиоарналарда көрсетілетін ведомстволық телебағдарламаларды дайындап, трансляциялау үшін 16 млн 40 мың теңге сомасына шарт жасадық. Сонымен қатар, 20 млн 414 мың теңгеге 300 мыңнан астам үгіт материалдарын дайындаймыз», – деді Асқарбекұлы Дидар
Бұдан бөлек, ведомствоға жергілікті бюджеттен сүңгуірлік жабдықтар жиынтығы бар автомобиль мен эхолот жиынтығын сатып алу үшін 38 млн 617 мың теңге бөлінгенін айтты

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments