Воскресенье, 6 октября, 2024
Басты бетЖаңалықтарБиыл Еңбекшіқазақ ауданында 2 мектеп қолданысқа берілмек

Биыл Еңбекшіқазақ ауданында 2 мектеп қолданысқа берілмек

Мұны журналистермен брифинг өткізген аудан әкімі Алтай Досымбаев айтты.

Әкімнің мәліметінше, қазіргі таңда ауданда үш ауысымда білім беріп жатқан 3 мектеп бар. Ал жаңа оқу жылында 8 мектептің үш ауысымға көшу қаупі тұр. 2023 жылы 6000-ға жуық оқушы 1-сыныпқа барады. Аталған мәселені шешу мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 13 мектеп салынбақ. Оның бесеуінің құрылысы биыл басталады.

«Бүгінде Есікте 1500 орындық, Төле би ауылында 450 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Олар биыл қолданысқа беріледі. Қосымша жеке кәсіпкердің қаржысына Есік пен Шелекте 900 орындық 2 мектеп бой көтереді», — деді әкім.

Сонымен қатар әкім барлық 17 мектеп қолданысқа берілсе, кадр тапшылығы туындауы мүмкін екенін айтты. Қазірдің өзінде ауданда 49 мұғалім тапшы. Мамандарды өңірге тарту үшін 270 пәтерлі көпқабатты үй салынып, қызметкерлерге беріледі. Ал «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыруда дәрігерлер мен мұғалімдерге басымдық берілмек.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments