Понедельник, 17 июня, 2024
Басты бетЖаңалықтарБиыл Ұзынағашта 180 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа беріледі

Биыл Ұзынағашта 180 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа беріледі

Жамбыл ауданына жасаған пресс-тур барысында тілшілер Ұзынағашта салынып жатқан 5 көпқабатты үйдің құрылысымен танысты.

Нысанға тапсырыс беруші жергілікті құрылыс бөлімінің басшысы Марат Әкеғұловтың айтуынша, 5 үйдің 3-еуі биыл қолданысқа беріледі. Аталған жобаның құны 2 млрд 305 млн теңге. Тұрғын үйлер «Отбасы банк» арқылы несиеге беріледі. Әзірше, пәтерлердің шаршы метрі қаншадан саудаланатыны белгісіз. Қазіргі таңда мұнда абаттандыру жұмыстары жүргізіп жатыр. Бұл үйлер орталықтандырылған суға, газға қосылады.

«Құрылыс 2021 жылы басталған. Бас мердігер компания — «Талас-Құрылыс» ЖШС. Тұрғын үй эконом санаты бойынша салынған», — деді бөлім басшысы.

Айта кетейік, бұл ауданда 3 286 адам үйге кезекте тұр. Аудандағы аз қамтылған көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында биыл 345 млн 600 мың теңге бөлініп, 36 үйді сатып алу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсының құжаттары дайындалып жатыр.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments