Четверг, 25 апреля, 2024
Басты бетТәуелсіздікке 30 жылБолашақ кілті – білімде

Болашақ кілті – білімде

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы елімізді жарқын болашаққа бастайтын даңғыл жол болды. Бұл рухани жаңғыру – адамның ішкі жан дүниесінің жаңғыруы болып табылады. Қазіргі кез білектің емес, білімнің салтанат құратын заманы. Негізі табыстың кілті – өнер-білімде. Саналы ұрпақ тəрбиелеу, оларға білім беру – Елбасы саясатының басты жəне негізгі бағытының бірі.

Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, мыңдаған жасты əлемнің маңдайалды жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасының жүзеге асырылуы, елімізде жоғары деңгейде бірқатар университеттердің ашылуы, зияткерлік мектептер жүйесінің қалыптасуы өз кезегінде білім беру саласындағы жетістіктің нақты көрсеткіші болғаны айдан анық.

Ертеңгі елдің кемел келешегі білімді жастардың қолында. Осы тұрғыдан алғанда ұстаздарға қойылатын талап күшейді. Меніңше, ел дамуы білім мен бірлікте десек, Елбасы айтқандай Қазақстанның бүгінгі мен болашағы халқымыздың ынтымақ пен біртұтас ырысқуат тірлігінде екені айқын. Білім ордасындағы əрбір ұстаз осы рухани жаңғыруда атап көрсетілген білімді жеткіншектер тəрбиелеу жолында білек түре белсенді қызмет атқаруы керек деп ойлаймын. Ұстаздарға да лайықты жағдай жасалынды, олардың еңбекақысы өсті, материалдық-əлеуметтік жағдайы жақсара түсуде. Сондықтан мұғалімдер осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, ертеңгі елдің көк туын желбірететін өнерлі, білімді, жалынды жастарды тəрбиелесе құба-құп.

 Əлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуды мақсат еткен тұғыры биік мемлекетіміздің болашағы заманауи тұрғыдан жарқын боларына сенімдімін. Тəуелсіздігіміздің тірегі нығайып, аспанымызда бейбітшіліктің ақ көгершіні қалықтай берсін.

Г.ТІЛЕПБАЕВА, С.Оспанов атындағы орта мектептің мұғалімі

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments