Пятница, 19 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарБылтыр Алматы облысында 1022 әйел жатыр мойны ісігімен дәрігерлік есепке тұрды

Былтыр Алматы облысында 1022 әйел жатыр мойны ісігімен дәрігерлік есепке тұрды

Бүгін Алматы облысында скрининг, онкологиялық ауруларды ерте анықтау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Жиында Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың меңгерушісі Төлеген Нурсиленов былтыр облыста скринингтен өткен әйелдердің 17-нен жатыр мойны ісігі, 141-нен сүт безінің ісігі, 21-нен тоқ ішектің ісігі анықталғанын айтты. Сонымен қатар ол статистикалық мәліметтермен бөлісті.

Ал осы клиниканың онкогинеколог дәрігер Әсел Жақсылықова 2022 жылы Алматы облысында 1022 әйелдің жатыр мойны ісігімен есепке тұрғанын сөз етті.

«Қазақстан бойынша жылына 1800 әйелден жатыр мойны ісігі анықталады. Бұл ауру түрі онкологиялық дерттердің ішінде 2-орында тұр. Былтыр Алматы аймақтық көпсалалы клиникаға 1022 әйел есепке тұрды»,- деді маман.

Маманның айтуынша, қазіргі таңда әйелдерге шығатын тері ауруының түрі — папилломаның жатыр ісігіне ұласып кету мүмкіндігі дәлелденді. Бұдан бөлек, ерте жыныстық қатынасқа түсу, ерте жүктілік, түсік жасату секілді факторлардың да әйел денсаулығына әсер ететіні сөзсіз.

«Айта кетерлігі, жатыр мойны ісігі симптомсыз өтетін ауру түріне жатады. Ол асқынып кеткен жағдайда әйел мүшесінен қою қан бөлінеді. Сонымен қатар іштің төменгі жағы бүріп ауырады, аяқ-қол ісінеді, ішек пен қуық жұмысы бұзылады»,- деді Әсел Жақсылықова.

Мамандар жоғарыда аталған жағдай орын алмауы үшін үнемі скринингтен өтіп тұруға кеңес береді.

«Ауруды алдын ала анықтаудың өзі 2 кезеңнен тұрады. Біріншісінде қыздарға ерте некеге тұру мен ерте жыныстық қатынасқа түсудің салдары және мүшеқап қолданудың пайдасы түсіндіріледі. Екіншісінде жасы 20-дан асқан әйелдер дәрігерлерге мүшеден бөлінетін сұйықтықты тапсырып, гинекологтың тексерісінен өтеді. Әр әйел 4 жылда 1 рет скринингтен өтіп тұруы қажет», — деді маман.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments