Воскресенье, 21 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарБілім мен біліктіліктің нәтижесі

Білім мен біліктіліктің нәтижесі

Хирург қызметі — адам өмірі үшін күресу жолындағы үлкен жауапкершілік және өте ауыр жүк екендігі баршамызға белгілі. Себебі, бұл саладағы операциялар бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. Ал, олар мұндай жауапты сәтте құр қарап тұрмай, ота жасайды. Хирург қызметі — жоспарсыз уақытта, яғни, түнде де, демалыс күндері де жұмысқа шығу деген сөз. Соған сәйкес, хирургтың физикалық тұрғыда да, психологиялық тұрғыда да дені сау, өзіне сенімді болып, өз ісін жетік білуі керек.
2023 жылдың 22 мамыры күні сағат 19:00 шамасында Талғар қаласындағы Автостанция маңында автомобиль мен мопед соқтығысып, жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан, мопед жүргізушісі Талғар аудандық орталық ауруханасының жарақат бөліміне жеткізілді. Жіті тексеруден кейін науқас жедел түрде жансақтау бөліміне жатқызылды.
Науқас жеткізілген кезде оң жақ қас аймағы, екі білегі, сол жақ кеудесі, оң аяқтағы тізе буыны, оң жақ тобық буыны жарақаттанғаны анықталды. Сондай-ақ, оң жақ кеудесі мен оң жамбас буынында ауырсыну, қозғалыстың қиындауы сынды шағымдар болды. Бас миының жабық жарақаты мен ми шайқалуынан бөлек, рентгенологиялық тексеруден кейін науқастың оң жақ ұршық ойығы сынып, шонданай сүйектің жарақаттанғаны анықталды.
2023 жылдың 27 мамыры күні Малаев Т.А., хирург ассистенттері А. Қанатұлы, Нұрмұқашева И.А., анестезиологтар Ғалиева З.Т., Пронина Е.И., Шаденова Е.А. және операциялық медбике Рамазанова Г.Ш. қатысуымен науқасқа, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (ТМККК) «Оң жақ ұршық ойығы артқы бөлігінің остеосинтезі» операциясы жасалды.
Біздің хирургтардың үйлесімді жұмысы және пациентке шынайы көмек көрсеткені — терең теориялық білім мен «мықты» қолдың және шынайы жанашырлық пен көмек көрсетуге деген құштарлықтың нәтижесі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments