Воскресенье, 6 октября, 2024
Басты бетТәуелсіздікке 30 жылБілім мен ғылым - ең басты қозғаушы күш

Білім мен ғылым — ең басты қозғаушы күш

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тəуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тəуелсіздік бəрінен қымбат» атты мақаласында еліміздің бірқатар өзекті мəселелерін көтеріп, оның ішінде əлеуметтік-экономикалық салада еңсерген белестеріміз бен қол жеткізген табыстарымызды айқындай келе: «Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау жəне елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тəрбиелеу» деді.

Биыл Қазақстанның көк аспанында тəуелсіздік байрағының желбірегеніне 30 жыл толады. Осы жылдарда мемлекеттің халықаралық беделі нығая түсті.

Президент өз мақаласында мемлекеттік тілді дамытуды да басты назарға алған. Сондай-ақ, мемлекет дамуының негізі болып табылатын білім мен ғылымды өрістетуге ғалым-экономистер мен ұстаздарды жігерлендіріп, «XXI ғасыр – білім мен біліктіліктің дəуірі. Əр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кəсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бəсекелестік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс», – деп саяси баға берді. Менің ойымша, бұл халқымыздың рухын одан əрі жани түсері анық.

 Н.АБАҚОВА,

А.Қарсақбаев атындағы орта мектебі қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments