Суббота, 20 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарБүгін Президент сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстарының соңғы күні.

Бүгін Президент сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстарының соңғы күні.

Бүгін Президент сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстарының соңғы күні. Бір айға жуық уақытта Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері еліміздің барлық өңірінде болды. Жергілікті жұртшылықпен кездесіп, кандидатымыздың сайлау алдындағы бағдарламасының негізгі басымдықтарын талқылады.

Бағдарламада әділетті мемлекет, әділетті экономика және әділетті қоғам құру жолындағы негізгі міндеттер айқын көрсетілген. Ең басты мақсат – әділеттілікті барлық салада басты қағидатқа айналдыру. Соның негізінде лауазымына, дәрежесіне қарамастан, барлық азамат заң алдында тең болады. Ешкімге артықшылық берілмейді. Ұлттық табыс әділ бөлінеді. Әлеуметтік салаға жұмсалатын қаражат мәжбүрлі шығын емес, еліміздің әрбір азаматына салынған инвестиция ретінде бағаланады.

Мұның бәрі бүгінгідей күрделі кезеңде тәуелсіздігімізді нығайтуды және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыруды көздейді. Сол себепті сайлаушылар аталған бастамаларды іске асыру үшін Қасым-Жомарт Кемелұлы ұсынған шараларды қолдап отыр.

Жалпы, бұл сайлау ел дамуының жаңа әрі шешуші кезеңіне жол ашып, Әділетті Қазақстан құруды жүйелі түрде жалғастыруға зор мүмкіндік береді. Сондықтан баршаңызды 20 қарашада бүгініміз бен болашағымыз үшін дұрыс таңдау жасап, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа дауыс беруге шақырамын!

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments