Дүйсенбі, Қаңтар 30, 2023
Басты бет Жаңалықтар Бүгін Қаңтар оқиғасына бір жыл толуына байланысты көрме өтті

Бүгін Қаңтар оқиғасына бір жыл толуына байланысты көрме өтті

 Көрмеге Алматы қаласы және Жамбыл облысынан алынған экспонаттар қойылған.
Ресми мәліметке сәйкес, Қаңтар оқиғасы кезінде республика бойынша 238 адам қаза тапты. Алматы қаласында қайтыс болған адам көп болды.

Ішкі істер министрлігінің ақпарына сай, Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған қару-жарақтың 4 мыңнан астамы табылған. 170-тен астам қару көрмеге қойылды. Басым бөлігі Алматы, Тараз қалаларында арнайы орынға жасырылған жерінен құқық қорғаушылардың қолына түсті. 2000-ға жуық қару-жарақ әлі іздестіріліп жатыр.
Құзырлы орган қызметкерлері жазаны қысқарту немесе толық босату туралы орта және ауыр қылмыс жасаған 181 адамға қатысты ұсыныс жолдаған болатын. Нәтижесінде 152 іс қаралып, шешім шыққан. Соған сәйкес 152 адамның біреуі қамаудан босатылса, қалғанының жазасын өтеу мерзімі қырқартылды.
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде 337 нысан бүлінген. Оның ішінде әкімдік ғимараты, Тұңғыш Президент резиденциясы, телеарна, прокуратура және 6 полиция департаментінің бөлімшесі бар. Қазіргі таңда барлық нысандар қайта қалпына келтірілуде.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments