Жексенбі, Қыркүйек 25, 2022
Басты бет Жаңалықтар Велошеру өтті

Велошеру өтті

Бүгін Жамбыл ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай және жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған велошеру өтті.

Шараны «Шекарасыз спорт», «VAVILON» бизнес клубтары және Жамбыл ауданы әкімдігі бірлесе ұйымдастырды.

Таң бозынан Алматыдан велосипедпен жолға шыққан 26 велошабандоз 3 сағатта Ұзынағашқа жетті.

Спортшыларды аудан әкімі Нұрлан Ертасұлы қарсы алып, құттықтау сөз сөйледі

Аудан әкімі өз сөзінде:

« Құрметті марафонға қатысушылар! Ең алдымен бүгінгі велошеруге қатысқан әрбір спортшыға аудан жұртшылығы атынан үлкен алғыс айтамын.

Жасампаз елдің табысын еселеп, Қазақ елінің даңқын асқақтата алатын ұрпақтың денсаулығы мықты, күш – жігері мол болуы тиіс.

Шыдамдылық пен сергегтікті қалыптастыра отырып, Жамбыл ауданының киелі жеріне сапар шегуі, оны халыққа кеңінен насихаттау — Бабалар рухына көрсетілген зор құрмет деп білеміз.

Баршаңызға зор алғысымды білдіре отырып, табандылық, спорттық шеберлік және қажымас қайрат тілеймін! Жаңа жетістіктерге жете беріңіздер.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, болашағымыз жарқын болсын!»,- деп ізгі тілегін білдірді.
Салтанатты жиыннан соң спортшылар белгіленген бағыт бойынша Сарыбай би, Қайназар, Сүйінбай, Түктібай, Жамбыл сынды бес атаның жатқан жерін зиарат етті.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments