Среда, 24 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарВикипедияға мақала жаз!

Википедияға мақала жаз!

2022 жылдың 28 қазан айында Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлттың ұлы ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлы» атты Wiki Camp акциясы өтті.
Зияткерлік мектебінің оқушылары Уикипедия желісіне Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері, өмірі мен шығармашылығы туралы 40 астам мақалалар жазды.
«Менің мақсатым қазақ тіліндегі кітаптарының цифрлық әлемде дамытуы. Бүгін мен Ахмет Байтұрсынұлының «Маса» деген өлең жинағының аудармасын Уикипедия желісіне енгізудемін», — дейді Ақжол Тұрдыбай 9-сынып оқушысы.
Танымал веб-сайттың тілдер рейтингінде Википедияның қазақ бөлімі барлық тілдер арасында 39-шы орынды иеленді. Өз үлесін қазақ Википедиясына Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Дагмара Ертанатова өз үлесін қосуда.
«Wiki Camp іс-шарасына алғашқы рет қатысып тұрмын. Мен үшін бұл жауапты күн. Осы іс-шара бырысында Ахмет Байтұрсынұлының араб Әліпбиі туралы мақаланы дайындап, енгіздім. Араб әліпбиі қазіргі біздің қолданып жүрген әліпбидің негізін салған. Әр қазақ өзінің күнделікті өмірде қолданып жүрген әріптерімізді қайдан пайда болғанын, тарихын білуі керек деп білемін», — деп Дагмара өз пікірін білдірді.
2013 жылдан бастап Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Википедия» клубы белсенді жұмыс жасап келеді. Клуб мүшелері әртүрлі тақырыптар бойынша онлайн-энциклопедияға өз бетінше қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде мақала жазып, толтырады.
«Википедия» клубының ашылуынан бастап, Талдықорған Зияткерлік мектебінің оқушылары тарихи-мәдени мұралар, ғылыми жаңалықтар және Қазақстанның қазіргі заманғы жетістіктері туралы үш мыңға жуық мақалаларын жазды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments