Суббота, 20 апреля, 2024
Басты бетРухани жаңғыруДАЛА ƏУЕНІ бесіктен бойға сіңер

ДАЛА ƏУЕНІ бесіктен бойға сіңер

«Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақалада көптеген жақсы ойлар айтылды. Соның бірі – «дала фольклоры». Ұлы даланың ұлы музыкасы да осы санатқа кіреді. Біз, қазақ, шыр етіп дүние есігін ашқан сəттен бастап даланың үнін естиміз. Ананың əлдиі мен даланың үнін естіп өскен əр бала елін шын сүйетін азамат болып өсері анық. Ана əлдиімен тербелген сəби өсе келе батырлар жырын естіп, жаттайды. Бұл да дала өнері мен мəдениетінің мызғымас бір бөлігі. Батырлар жырын жаттап өскен ұрпақ сол батырға ұқсасам деп армандап, өзін шыңдап өсіруге талпынады. Есейген бозбала мен бойжеткен ғашықтық жырын естіп, бір-біріне сезімін білдіруі де осы Ұлы дала фольклорының өзіндік бір жемісі десек қателеспейміз. Үйленген соң сыңсу айту, жаржар айтып, беташар жасау мұның бəрі қазақ даласының əн мен күйге соншалықты мəн бергенінің, керемет өнерінің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқанының айғағы.

 Той десе ішкен асын жерге қоятын халқымыздың салт-дəстүрінде бұдан да бөлек əн-күйлер аз емес. Бесік жырынан бастау алған өміріміз жоқтау айтумен ақыры түгесіледі. Демек, қазақ іңгəлəп өмір есігін ашқан күннен бастап дала фольклорын бойына сіңіріп өсетін ұлы халық. Осы ұлы мұрамыз ұрпақтан ұрпаққа ұласып, өз мəнісін жоғалтпаса екен дейміз.

Жанна САДЫРОВА,

«Өсер – 2013» бөбекжайының музыка жетекшісі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments