Пятница, 29 марта, 2024
Басты бет101 хабарлайдыДала өрті қауіпті

Дала өрті қауіпті

Қазіргі уақытта қураған шөптердің жану проблемасы аса өзекті болып отыр. Жануға орман тоғай дала алқаптары, автокөлік жолдары бойының ашық аумақтары жатады. Өрттің негізгі себебіне адамның отпен абайсыз болуы, құрғақ шөптерді, қоқыстарды және басқа бау-бақша қалдықтарын жағу болып табылады.

Жекеменшік секторының тұрғындары келесі қауіпсіздік шараларын сақтауы қажет:

Жеке тұрғын үй және бау-бақша иелері өрт қауіпті кезең басталуына өз участок аумағын жанғыш қалдықтан, қоқыстан, шөптен, түскен жапырақтардан уақтылы тазалап тұруы қажет. Оны арнайы бөлінген алаңдағы контейнер немесе жәшікке жинап, одан соң сыртқа шығаруы қажет. Егерде сіз тұтануды байқасаңыз, бей-жәй қалмаңыз, қолда бар құралдармен жоюға тырысыңыз, сондай-ақ «101» немесе «112» телефоны арқылы өрт сөндіру қызметіне хабарласып шақырыңыз.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамағаны немесе бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 336, 410-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 Жамбыл ауданы ТЖБ

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments