Суббота, 14 декабря, 2024
Басты бетРухани жаңғыруДәстүрлі ән ұмыт болмаса дейміз

Дәстүрлі ән ұмыт болмаса дейміз

Шыр етіп дүние есігін ашқан күні ананың әлдиімен өскен баланың бойында рухани нәр пайда болары сөзсіз. Өсе келе күмбірлеген күй мен әсем әннің ырғағына билеп өскен бала ертең ширақ боп өсетіні тағы бар.

Жалпы Ұлы даланы мекен еткен қазақ халқының қандай мәдениет алып қарасаңыз да тәрбиелік мәні өте зор. Соның бірі ән мен күйдің құдыреті. Абайша айтсақ «Құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күй, Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй», дегім келеді. Абайдың осы бір өлең жолдарынан-ақ біз есер ән мен есті әннің ара-жігін ажыратып, бойыңа сезім мен рухани нәр беретін ән-күйді тыңдағанамыз абзал екенін ұғынамыз.

Қазақ халқы Ұлы даланы мекен еткен күннен бастап-ақ ән мен күйдің құдыретін түсіне білген. Кешегі өткен Қорқыт, Дәулеткерей сынды күйшілеріміз өзінің күйлерімен қайғы мен мұңды, қуанышты сәтті өте керемет жеткізе білген.  Бертін келе ән әлемінен өзіндік орын алған Шәмшінің әндерін айтсаңызшы. Оның әндері жылдар өтсе де өз құндылығын жоймады.

Ақындар мен батырлар елі атанғын біздің аудан да ән мен күй өнерінен кенде емес. Нұрғиса Тілендиевтің өзі неге тұрарлық. Қыз Жібек киносын түсіріп жатқанда көлден ұшқан аққуларды қолына домбырасын алып, «Аққу» күйін шертіп, көлге қайта қондырғанының өзі бір құдырет. Одан бөлек Әсет Бейсеуов, Жолдасхан Құрамысов сияқты ағаларымыздың өнерін де айтпасқа тағы болмас.

Ұлы даланың жеті құдыретінің бірі дала фольклоры деп білеміз. Сол дала фольклорына айрықша еңбек сіңіріп жүрген әнші мен күйшілердің еңбегі ерен. Тек солардың еңбегі шын бағаланып, жастар дәстүрлі әнді ұмыт қылып, батысқа бет алып кетпесе екен дейміз.

Берік Исламбеков,

«Жас Ұлан» оқушылар үйінің музыка пәні мұғалімі

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments