Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетUncategorizedЕлімізде әкелер күні тойлануда

Елімізде әкелер күні тойлануда

Наурыз айында Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында аталған мерекені бекіту ұсынысы көтерілген болатын. Бастама негізінде Әкелер күнін маусымның үшінші жексенбісіне белгілеу жоспарланды.

Араға екі ай салып, Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті Үкімет қаулысына қол қойды. Тиісінше, мереке ресми бектілді.

Әкелер күнін атап өтуге бастамашы болған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, аталған мереке еліміздегі отбасы институтын нығайтуға ықпал етпек.

«Мерекелік күндердің тізбесіне «Әкелер күні» мерекесін енгізу Қазақстандағы отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал етеді. Мұндай мереке көптеген әлем елдерінде бар», — деп мәлім етті министрліктен.

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments