Жексенбі, Қыркүйек 25, 2022
Басты бет Тәуелсіздікке 30 жыл Ел дамуының негізі

Ел дамуының негізі

Қазастан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылғы «Тəуелсіздік бəрінен қымбат» атты мақаласында ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры берік, ел бірлігінің нығая түскенін айғақтайтын ең маңызды белес екенін атап айтты. «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекетімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз» деген сауалдардың толғандыратынын айтқан Мемлекет басшысы тəуелсіздіктің отыз жылын шартты түрде үш он жылдық белеске бөліп қарастыруға болатындығын өз мақаласында айқындады.

Сонымен азаттықтың алғашқы он жылдығын жаңа «Қазақстанның іргетасын қалау кезеңі» деп атап осы уақыт арасында Елбасының басшылығымен мемлекеттің нышандары белгіленгенін билік жүйесінің қалыптасқанын жəне Ұлттық валютаның айналымға енгені айтылды. Ел қорғаны саналған қарулы күштердің құрылғандығын, сонымен бірге Ата Заңымыздың қабылданғандығы еліміздің беделді ұйымдарға мүше болғанын, Елорамыздың Арқа төсіне көшірілгені, отандық бизнестің негізі қаланып дамығаны, ұлттық қордың құрылғандығын тілге тиек етті. Ал, екінші онжылдық қазақ елінің керегесінің кеңейту кезеңі екендігін алға тартқан Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекетіміз осы жылдар аралығында тұғыры нығайып, экономикалық əулетінің артқанын, шекарамызды бекемдеп заң жүзінде бекітілді дей келе, «Мəдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырып, тарихымыздың түгенделгендігін елімізге шет елден қомақты инвестиция таратылғанын айтты. Есілдің жағасында еселі бой көтерген Елордамыз ұлттық идеяға айналды дей келе «Батыс-Еуропа-Батыс-Қытай халықаралық дəлізі сияқты ірі инфрақұрылымдық жобалар қолға алғандығы, тұрғын-үй құрылысы да қарқынды дамығандығы осы мақалада ерекше көрініс тапты. Өз кезегінде үшінші он жылдықта өсіп-өркендеп, іргелі ірі мемлекетке айналғандығымыз жария етілді.

Енді бұдан былай жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтынын, меншігіне берілмейтінін атап айтқан Мемлекет басшысы жерді халықтың игілігіне жаратудың маңыздылығына кеңінен тоқталды.

«Қазақстан – 2050» стратегиясын қабылдап, озық дамып алға басқан отыз елдің қатарына қосылудың межеленгені, «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму», «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» сияқты ауқымды маңызды жобалардың іске асқандығы айтылды. Елбасы Тəуелсіздіктің мəңгі символына айналды деген Мемлекет басшысы үшінші онжылдықта іске асқан көптеген жаңа құнды жобалардың орындалғанына тоқталды. Ата-бабаларымыз аңсаған Тəуелсіздіктің арқасында əлем жұртшылығы қызыға қарайтын төрт құбыласы еңселі елге айналғандығы мақаланың алтын арқауына айналып отыр.

Т.ТОҚТАСЫН.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments