Понедельник, 14 октября, 2024
Басты бет18 мамыр—Халықаралық мұражайлар күніЕл мəдениетінің елеулі бейнесі

Ел мəдениетінің елеулі бейнесі

Айтулы мереке 1977 жылы мұражайлардың Мәскеу қаласында өткен Халықаралық кеңесінің ХІ бас Ассамблеясында бекітілген болатын. Міне, содан бастап «Халықаралық мұражайлар күні» жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтілуде.

 

Мұражайлар алғаш кезде бағалы бұйымдар мен заттарды, мәдени қазыналарды сақтайтын қор ретінде пайдаланылған. Жалпы мұражайлардың қалыптасуы көне жәдігерлерді жинау негізінде қалыптасқан. Ал мұражайлардың қалыптасуы ХVI-XVIII ғасырлардан бастау алады. Алғашқы музейлер Еуропада, кейін 1811 жылы Ресейде, 1820 жылы Германияда, 1825 жылы Одессада, 1828 жылы Керчьте ашыла бастаған.

Қазақ даласындағы музейлердің тарихы 1830 жылдан басталады. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясын сипаттайтын мұралар негізінде 1831 жылы Неплюев әскери училищесі жанынан губерниялық музей ашылған. Ел мəдениетінің елеулі бейнесі Осылайша қазақ жерінде музейлер саны жыл санап арта берді. 1937 жылы олардың саны 19 болса, 1939 жылы 25- ке, 1970 жылы 29-ға жетті. Қазіргі таңда еліміздегі музейлер саны 150-ден асады. Сондай мәдени мұралардың қатарында біздің ауданда орналасқан мұражайлар да бар. Олар – Сүйінбай Аронұлы, Жамбыл Жабаев, Үмбетәлі Кәрібаев атындағы мемориалды мұражайлар мен аспан астындағы алып мұражай – «Таңбалытас» қорық мұражайы.

Мұражайларды тек көне жәдігерлер сақтайтын орын деп атасақ, қателесеміз. Осынау мәдени орынға барған кез келген адам өткенге көз жүгіртіп, өзіне рухани азық алады. Жоғарыда аты аталған мұражайлардың қай-қайсына барсаңыз да пайдалы мағлұматтарға қанығасыздар. Олар бізге өткенімізден сыр шертеді. Тарихымыздың небір шуақты сәті таңбаланған бұл музейлер ел мәдениетінің елеулі бейнесін сақтауға сеп болып тұрған ерекше рухани орын десек жарасады.

Мұражайларда қызмет етіп, еліміздің рухани дамуына өз үлесін қосып жүрген барша мәдениет қызметкерлерін Халықаралық музейлер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

 Е.ЕРКІН.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments