Четверг, 14 ноября, 2024
Басты бетЦифрлы ҚазақстанЕмханаға тіркелудің 3 жолы

Емханаға тіркелудің 3 жолы

 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) барлық артықшылықтарын пайдалану үшін емханаға тіркелу қажет. Мұндай қажеттілік туындаған кезде көбісі оны қалай жасау керектігін білмейді. Емханаға тіркелудің үш жолы бар:

Портал арқылы Egov.kz:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз
2. Іздеу жолы арқылы «алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін табыңыз»
3. Қызметті онлайн сұраңыз
4. Емхана мен дәрігерді таңдаңыз
5. Мекен-жайы мен байланыс мәліметтерін көрсетіңіз
6. ЭЦҚ көмегімен сұранымға қол қойыңыз
7. Қызмет нәтижелері жеке кабинетте көрсетілетін болады.

Телеграм бот арқылы @Kenes1414Bot:
1. Телеграм мессенджерінде @Kenes1414Bot табыңыз
2. Телеграм ботты іске қосыңыз, «қызметтер» ашыңыз»
3. «Денсаулық сақтау» таңдаңыз, «мессенджер арқылы медициналық ұйымға тіркелу» батырмасын басыңыз»
4. Қызметті кімге қабылдайтыныңызды көрсетіңіз (өзіңізге / балаға)
5. Мекенжай деректерін растаңыз және емхананы таңдаңыз
6. Әрі қарай, бот тіркелу себебін және дәрігердің деректерін сұрайды
7. Растау кодын енгізіңіз
8. Телеграм-бот сіздің өтінішіңіздің нөмірін және көрсетілген қызметтің мәртебесін көрсетеді.

Емхана арқылы:
Жеке куәлігіңізбен және денсаулығыңызға қатысты құжаттармен емхананың тіркеу бөліміне хабарласыңыз. Емханаға тіркелу туралы өтініш жазыңыз.

Қызмет көрсету мерзімі-1 жұмыс күні.

Маңызды: тіркелуден бұрын емхананың толық атауын және емдеуші дәрігердің аты-жөнін білу қажет. Тіркелу кезінде сіз автоматты түрде алдыңғы емханадан кетесіз.

Жамбыл аудандық ХҚКО

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments