Четверг, 25 апреля, 2024
Басты бетCovidЕскелді ауданында үш ауылдық округ тұрғындары толықтай екпе алды

Ескелді ауданында үш ауылдық округ тұрғындары толықтай екпе алды

Жер жаһанды жаулаған індеттің ілмегінен құтылудың жалғыз жолы – екпе. Вирустың таралуын тоқтату үшін қоғамдық иммунитет қалыптастыру керек, деп мамандар дабыл қақты. Хош, халық оған иланды, сөйтті де алғашқылар вакцина салуға бел буды. Алматы облысында бүгінде вирусқа қарсы егілу қарқынды жүзеге асуда.
Қазіргі таңда, ресми дерек көздеріне сүйенсек, жетісулық 726 083 адам вакцинаның бірінші компонентін қабылдаса, екінші бөлігін 672 495 тұрғын салдырған.
 Осы ретте, облыс өңірлерінде вакцинация жұмысының үздіксіз жүріп жатқанында атап өткен жөн. Мәселен, бір ғана Ескелді ауданында 3 бірдей ауылдық округ тұрғындары 100% екпе алған.
Негізінен, Ескелді ауданының аумағында короновирусқа қарсы вакцина алуға жататын адам саны – 23600. Бүгінде 15 784 аудан тұрғыны екпе салдырған. Яғни жоспар 67 пайызға орындалып отыр. Аудандағы Жалғызағаш, Қоңыр және Ақын Сара елді мекендеріндегі халықтың қоғамдық саулықты қалыптастыруға үлес қосып отырғандарын баса айтқан абзал. Бұл әрине, қуанарлық жайт.
Ақын Сара ауылдық округіне тоқталар болсақ, мұндағы халық саны 2234-і құрайды. Оның 775-і кәмелет жасқа толмағандар, ал 246-ы зейнеткерлер. Ақын Сарадағы мектепте 63 ұстаз еңбек етеді, олардың 60-ы толықтай екпе алған, қалған үшеуінің медициналық қарсы көрсетілімдері бар. Білім ордасындағы шаруашылық бөлімінің қызметкерлерінің 22-де вакцина қабылдағандар қатарын толықтыруда, балабақшадағы 22 маманда вирусқа қарсы екпе салдырған. Аурухана қызметкерлерінің 19-ы вакцинациялаудан өткен, жалпы 863 тұрғын екпе алған. Сондай-ақ, аталмыш ауылдағы 350 адам денсаулық жағдайына байланысты екпеден босатылған болатын.
 Айта кетейік, Ескелді ауданында 1507 адам қауіпті індеттің тырнағына ілініпті. Оның 1384-і ақ халаттылардың арқасында дерттен айығып шыққан. Айтпақшы, ауданда вакцинациядан 639 медицина қызметкері өткен. Ұстаздар қауымы да ешкімнен қалыс қалып жатқан жоқ. Жаңа оқу жылындағы қауіпсіздікті ескеріп, 1843 педагог екпе жасатыпты. Бұл аудандағы ұстаздардың 93,5 пайызын құрайды.
 Қапрелеріңізде болсын, Алматы облысында жыл басынан КВИ зертханалық расталған 51 913 жағдай тіркелген, оның ішінде 38 097-нің симптом белгілері бар.
 Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада салыстыру кезінде 0,4% деңгейінде қалды.
 Соңғы тәулікте КВИ 169 жағдайы тіркелді. Оның 34-і ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында, оқушыларда 30 және студенттер арасында 4 жағдай анықталып отырған жайы бар.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments