Понедельник, 27 мая, 2024
Басты бетЖаңалықтар«е-Өтініш» ақпараттық жүйесінің өзектілігі мен маңыздылығы және шағым жасау тәртібі

«е-Өтініш» ақпараттық жүйесінің өзектілігі мен маңыздылығы және шағым жасау тәртібі

Бәрімізге белгілі, қазіргі уақытта мемлекетімізде цифрлық платформалар кеңінен дамып жатыр. Соның бірі «еӨтініш» ақпараттық жүйесі. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 2021жылдың  1-ші  шілдесінен бастап «еӨтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Осыған байланысты азаматтардың арыз-шағымымен жұмыс істеу жүйесі де өзгерді. Енді азаматтардан келіп түскен бірде-бір жолданым тіркелусіз және жауапсыз қалмайды.
        «еӨтініш» ақпараттық жүйесі жолданымдардымемлекеттік органдардың құзыретіне қарай автоматты түрде бөледі және өтініш берушіні жолданымдардықараудың барлық кезеңдері мен мерзімдері бойынша хабардар етеді және де жолданым берушімен кері байланыс орнатуға, мемлекеттік органдардың жұмыс сапасын бағалауға мүмкіндік береді.
         Сондай-ақ, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 76-бабына сәйкес, келіп түскен арыз, үн қосу, сұрау, хабар және де ұсыныстар 15 жұмыс күннің ішінде, ал, шағым 20 жұмыс күнде қаралып жауап берілуге міндетті.
          Сонымен бірге, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы барлық мемлекеттік органдар оқиғалардан хабардар болып, азаматтардың қажеттіліктері мен тілектерінің нақты көрінісіне сүйене отырып, жедел басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік алды.                                                                
           Қызметті пайдалану үшін электрондық үкімет порталына кіріп,            «еӨтініш» ақпараттық жүйесінің баннеріне өту қажет. EGov сервисінен басқа, «еӨтініш»қосымшасы Aitu мобильді сервисінде және eGov mobile-да қолжетімді. Сондай-ақ сервисті Халыққа қызмет көрсету орталығында жолданымдарды қабылдау орталығында пайдалануға болады. Eөтініш ақпараттық жүйесі арқылы жіберілген барлық жолданымдарэлектрондық цифрлық қолтаңбамен расталуы тиіс.
        «еӨтініш» ақпараттық жүйесінің ерекшелігі сол, әрбір азамат өзінің өтініші қайда, қандай мекемеге жолданғанын, қай кезде қаралғанын жүйе арқылы қарап, бақылай алады. Сондай- ақ арыз-шағымына деген мемлекеттік мекеменің жауабын бағалауға да мүмкіндігі бар.
       Сонымен қатар, жүйеде жолданым тіркелген азаматтарға SMS-хабарлама арқылы арыз-шағымының қаралу кезеңдері туралы хабарламалар жіберіледі. Оның қаралу тарихы жүйеде сақталады және мемлекеттік орган бұрын қандай шешім қабылданғанын саралай отырып, әкімшілік іс қалыптастыра алады.

Егер, өтініш иесі берілген жауаппен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 91-бабына сәйкес, жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқылы және әрекетсіздік белгілі болған күннен бастап 3 ай мерзімінен кешіктірмей берілу қажет.                                                      Шағым жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда беріледі, 20 жұмыс күнде қаралады. Шағымды қарайтын орган шағымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін шаралар қабылдауға міндетті.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments