Пятница, 11 октября, 2024
Басты бетЖаңалықтарЖамбыл ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 1,2 млрд теңгеге өтінім түскен

Жамбыл ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 1,2 млрд теңгеге өтінім түскен

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Ауыл аманаты» бағдарламасы биылдан бастап 24 ауылдық округте жүзеге аспақ. Бүгінгі күннің өзінде 233 шаруадан жалпы құны 1,2 млрд.теңгеге өтінім түсті», – деді әкім.

Сонымен қатар Нұрлан Ертас «Кең дала» бағдарламасының ауданда жүзеге асуы туралы атап өтті. Оның айтуынша, аталған бағдарлама аясында «Ұзынағаш» несие серіктестігі арқылы 2 шаруа қожалығына 5 пайызбен 74 млн. теңге несие берілді және 1 шаруаға 78 млн. теңге несие беру жоспарланып отыр.

«Жобалардың негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске тарту, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу», – деді Нұрлан Ертас.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments