Бейсенбі, Мамыр 19, 2022
Басты бет Жаңалықтар Жамбыл ауданында коронавирустан 11 адам көз жұмды

Жамбыл ауданында коронавирустан 11 адам көз жұмды

«Тәжді тажал» жер әлемді жаулағаннан бері Алматы облысы, Жамбыл ауданында өткен жылдан бері 3214 адам коронавирусқа шалдыққан. Өкінішке қарай, 11 адам індеттің ілмегінде қалып, көз жұмды. Бүгінгі таңда 36 тұрғын ауруханада ем қабылдап жатыр,-деп хабарлайды «Jetisy Media».
Жамбыл ауданы бойынша 1 санаттағы инфекциялық төсек саны 80 орын.Оның толымдылығы -45,0 %. Аймақта, вирусқа қарсы егу жұмыстары жүйелі жүріп жатыр. Вакцинаның бірінші бөлігін 70208 адам салдырса, екінші компонентті 61752 тұрғын қабылдаған.
Айта кетейік, ауданда жыл басынан бері білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияға шалдығу бойынша 60 дерегі тіркелді.
Мектептер бойынша: Қарғалы №3 ОМ – 6 жағдай ,Рысқұлов ОМ -4 жағдай, Уалиханов ОМ -4 жағдай , Касымбек ОМ-3 , Бердіқұлов ОМ-3, Мынбаев ОМ-2, Шапрашты ОМ-2, Карсақбаев ОМ-2 , Мәтібұлақ ОМ -1 , Асет Бейсеуов ОМ -1, Умбеталы ОМ -1, Жамбыл ОМ -1, Саурық ОМ-1, Сунқар ОМ -1 , Аққайнар МО-1, Абай ОМ-2, Мынбаев ОМ -1.СШ Каргалы №2-1.,СШ Каргалы №1 -1. 5-жағдай Карғалы №3 ОМ – онлайн оқтиын оқушылар арасында тіркелді .
Алматы облысындағы эпидахуалға келер болсақ, өткен тәулікте 107 адам кеселге шалдыққаны белгілі болып отыр. Оның 10-ы 14 жасқа дейінгі балалар болса, 9-ы оқушы, 3-еуі студенттер.
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптаны салыстыру кезінде 0,3% деңгейінде тұр. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл – 0,5%, Қаратал – 0,4%, Сарқан – 0,5% аудандарында және Текелі қаласында 0,4% байқалады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments