Сейсенбі, Қыркүйек 27, 2022
Басты бет Жамбыл-175 жыл Жамбыл жылы қорытындыланды

Жамбыл жылы қорытындыланды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың «Жамбыл əлемі» атты 30 томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді. Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы мен ел Тəуелсіздігінің 30 жылдығы үйлестірілген жиынға ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Алматы облысының əкімі Қанат Бозымбаев, ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қырғыз елінің делегациясын бастап келген Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Сүйүмбек Касмамбетов жəне еліміздің əр өңірінен шыққан талантты жас ақынжазушылар қатысты.

 Қонақтар Жамбыл Жабаев пен Нұрғиса Тілендиевтің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, құран бағыштады. Содан кейін ақын музейінде Алматы облысы əкімідігінің Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп шығарған 30 томдық «Жамбыл əлемі» кітаптарының тұсауы кесілді.

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Ұлттық рухани жаңғыру жолында тұрақты əрі нəтижелі жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, Жамбыл Жабаев қазақ пен қырғызға ортақ тұлға екенін айтып, көрші мемлекеттен арнайы келген ресми қонақтарға алғыс білдірді. Мемлекеттік хатшы шығармашыл жастарға:

– Құрметті жас қаламгерлер! Өздеріңізді баба рухы қолдап жүрсін деп бүгін осы шараны арнайы жыр алыбының музейінде өткізіп отырмыз. Сіздер тəуелсіздік жылдарында Қазақстанның əр түкпірінде шығармашылықтарыңызды шыңдап, көптеген табыстарға қол жеткіздіңіздер. Біз сіздерге зор үмітпен қараймыз. Жамбыл бабамыз туын көтерген қазақ пен қырғызға тең өнер айтыс – нағыз тəуелсіздіктің, азат рухтың символы. Сондықтан рухани ішкі тəуелсіздігіміз үлкен жетістіктерге жол бастайды. Президентіміз айтқан креативті индустрия бағытын дамытуға, заманауи технологияларды қолдана отырып, жаңа жобаларды іске асыруға сіздердің мүмкіндіктеріңіз мол. Оған мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдаулар бар, – деді Қырымбек Елеуұлы.

Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Сүйүмбек Касмамбетов өз еліндегі Жамбыл Жабаев шығармаларының насихатталуын, екі ел арасындағы рухани байланысты нығайтудағы ақынның рөліне тоқталды.

 Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоқты Райымқұлова жəне басқа да лауазымды тұлғалар ақынның мерейтойлық шарасының өнерлі жастарға берер тағылымын сөздеріне арқау етті.

Облыс əкімі Қанат Бозымбаев өңірде Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай өткізілген түрлі мəдени шараларға тоқталып, баяндама жасады:

– Міне, өздеріңізбен бірге Жамбыл Жабаев əдеби-мемориалды музейінде еліміздің келешегін кемел ететін республикамызға белгілі жас ақынжазушылармен кездесіп, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасымен бірлесіп шығарған «Жамбыл əлемі» 30 томдығының тұсаукесер рəсімін салтанатты түрде атқарып отырмыз. Бұл ғасырдан ғасырға мұра болып қалатын əдеби алтын қор деп санаймын. Ұлыларымызды ұлықтайтын игі істеріміз көп болсын! – деді облыс əкімі Қанат Алдабергенұлы.

Кездесу жастармен пікір алмасуға бағытталып, еркін форматта өтті. белгілі айтыскер Жандарбек Бұлғақов, ақын, «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгеруші Мирас Асан, танымал өнерпаз, «Made in KZ» тобының жетекшісі Бауыржан Итикеев, Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов ауданындағы ауылдық кітапхананың кітапханашысы Николай Вербовский жəне басқа да бір топ таланатты жастар өз ойларын ортаға салды. Олар Республикалық телеарналарда жас қаламгерлердің шығармашылығын насихаттайтын арнайы хабар болса, жас кітапханашылардың кітап оқу мəдениетін қалыптастыруға ықпал ететін жобаларына мемлекеттік гранттар берілсе, мектепте 1-7 сыныптарға қазақ күйлерінің тарихы оқытылса, елімізде «Азия дауысы» сияқты халықаралық өнер байқауын өткізуді қолға алса деген ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Олардың əрқайсысына Қырымбек Елеуұлы жауап беріп, халықтың рухани жаңғыруына ықпал ететін бұл ұсыныстардың барлығы да тиісті салалармен бірлесіп талқыланып, ескерілетінін жеткізді.

Кездесу соңында Тəуелсіздіктің 30 жылдығына орай өнерпаз жастарға Жамбыл баба рухы қолдасын деген ниетпен бір-бір домбыра сыйға берілді.

Айта кетейік, Алматы облысының əкімдігі Жазушылар одағымен бірлесіп шығарған «Жамбыл əлемі» 30 томдығына облыстық бюджеттен 114 млн. теңге бөлінген. Онда ақынның өмір тарихы, шет тіліне аударылған шығармалары, музыкалық мұрасы, Жамбыл Жабаев туралы зерттеулер, естеліктер, ақынның ұстаздары Сүйінбай, Қабан жырау, Майлықожа, замандастары, шəкірттері туралы деректер мен шығармалары, Ж.Жабаев туралы көркем шығармалар, Жамбылдың талантты ұрпақтары жайлы жəне басқа да деректер енгізілген.

Аудан əкімінің баспасөз қызметі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments