Четверг, 14 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтар«Жанұя» әлеуметтік орталығының көмегіне 1900 әйел жүгінген

«Жанұя» әлеуметтік орталығының көмегіне 1900 әйел жүгінген

Талдықорған қаласындағы аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдауға арналған «Жанұя» әлеуметтік орталығы құрылған сәттен бастап табысты жұмыс істеуде. Мәселен, өткен жылы орталықтың көмегіне 1937-ге жуық әйел жүгінген. 124 адамға әлеуметтік көмекалуға ықпал етті. Сондай-ақ, Егов бойынша 1520 адамға, АӘК рәсімдеуге 379 жанға қол ұшын созған. 97 адамды тұрғылықты жері бойынша тіркеуге жәрдемдесіп, мүмкіндігі шектеулі 132 келушінің мәселесі шешілді.
«Жанұя» орталығының жаңа бастамаларының бірі ақпан айының ортасынан бастап мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дайындық сыныбының ашылуы. Бүгінгі күні курстарға -23 бала қатысуда.

Көпбалалы отбасы балаларына ағылшын тілін үйрету сабақтары сәтті өтуде. «Жанұя» әлеуметтік орталығында 1 жыл ішінде бері 1-5 сыныптар аралығында ағылшын тілі курсында 64 бала оқытылды.

— «Жанұя» орталығы өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардан шыққан ата-аналарға тегін массаж, компьютерлік сауаттылық, тігінші, шаштараз, аспаздық курстарын білікті педагогтарды тарта отырып, оқуды аяқтағаны туралы сертификат беру арқылы тегін ұйымдастырып, өткізеді. Орталықта бір жыл ішінде 176 ана келесі курстарда оқыды»,-дейді «Талдықорған әйелдерді қолдау өңірлік орталығы» ҚБ президенті — Жанар Нұрмұханова.

«Жанұя» әлеуметтік орталығы арқылы оқу курстарынан өтіп, бүгінде 63 адам жұмыспен қамтылған. Айта кетелік, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды оқыту тегін.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments