Пятница, 29 марта, 2024
Басты бетЖаңалықтарЖас шахматшылар жарысы өтті

Жас шахматшылар жарысы өтті

Ауданымызда «Арт спорт» бағдарламасы арқылы бірнеше спорттық үйірмелер ашылып, өз жұмысын бастап кетіп еді. Солардың бірі «Shanali»  шахмат мектебі. Бұл мектеп биыл қаңтар айында ашылған болатын. Аз ғана уақыттың ішінде жүзден аса шәкіртті тәрбиелеп, шахмат өнерін игеруге үйретіп жатқан бұл мектептің де көрсетер жетістіктері баршылық. Осы «Shanali» шахмат мектебі жуырда өздерінің шәкіттерінің бағын сынамақ ниетте Жамбыл ауданы бойынша шахматтан алғаш рет үлкен турнир өткізді.  Бұл турнирге ауданымыздағы бірнеше шахмат мектебінің шәкірттері қатысып, өздерінің бақтарын сынап көрді. Нақтылап айтсақ, «Bilim beru  ortalygy As»(жаттықтырушы Әлішер Хасанов), «FFJ» шахмат клубы (жаттықтырушы Рахат Нұрмұхамед), «Shanali» шахмат мектебі (жаттықтырушы Рамазан Хасанов) және Өтебай Серкебаевтың шәкірттері.

Бір күнге созылған шахмат турнирінде жас шәкірттер өздерін кәсіби шахматшыдан сезініп, ақыл-ойын тиімді пайдалана отырып, қарсыластарына төтеп беріп отырды. Осылайша ұлдар арасынан Нұрасыл Тимур өз қарсыластарынан басым түсіп, жүлделі 1-орынға ие болса, Бағлан  Нұрхан 2-орынды қанжығасына байлады. Ал, Ақылдос Тоқтасын 3-орынды місе тұтты.

Қыздар арасында өткен бәсекеге толы бұл додада Сания Сұлтан ешкімге дес бермей 1-орынды жеңіп алды. Ал, 2-орынды Алтынай Алтынбек, 3-орынды Кәусар Қоңыратбай  жеңіп алды.

Бұл жарысқа аудан бойынша қырыққа жуық жас шахматшы қатысып, өздерін бір сынап көрді. Жүлделі орын алған оқушыларға арнайы сыйлықтар табысталды. Басқа оқушылар да марапаттан құр қалмай ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.

Е.Еркінұлы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments