Четверг, 25 апреля, 2024
Басты бет9 мамыр - Жеңіс күні!Жаудан тайсалмаған жауынгер

Жаудан тайсалмаған жауынгер

1941 жылдың маусымында басталып, 1418 күнге созылған сұрапыл соғыс қаншама боздақтың өмірін қиды. Бес жыл бойы жалғасқан соғыс қырғыны Отан
қорғаушылар қатарын айтарлықтай селдіретті. Қалалар мен ауылдарға «Қара қағаз» болып жеткен қаралы хабар жетім-жесірлердің көз жасын селдетті. Қанды соғысқа аттанғандар қатарында миллиондаған қазақ азаматтарының бар болғаны бізге
тарих беттерінен мəлім. Азаттық үшін қасық қаны қалғанша соғысқандар арасында еліне аман оралған біршама азаматтар болды. Солардың бірі Қарасай
ауданының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Адиш Əбдірайымов. Биылғы жылғы мерекені Адиш ақсақалға Жаратқанның жазуымен тағы да
көру бұйырған екен. Адиш Əбдірайымов 1918 жылы Қызылорда облысының ЯниКурган ауданында дүниеге келген. Бала күнінен үлкен ағасы Əбіштің тəрбиесінде болады. Мектеп бітірген соң, 1938 жылы Харковь фармацевтикалық институтына оқуға түседі. Арада 1 жыл өткеннен кейін 1939 жылы денсаулығына байланысты Ташкенттегі институтта оқуын жалғастырады. Алайда бұл жерде де оқуын аяқтай алмайды. Себебі, 1940 жылы Ташкент қаласы, Куйбышев аудандық əскери комитетінің Кеңес Армиясынан шақырту алады. 1940 жылдың қарашасынан 1941 жылдың маусымына дейін қатардағы жауынгер Əбдірайымов Адиш 180-атқыштар қосалқы жаяу əскер полкінің құрамында, ал 1941 жылдың маусымынан бастап Орел əскери округінің 173-атқыштар жаяу əскер полкінің құрамында қызмет етеді. Кейін 1941 жылдың маусымынан бастап соғыс қимылдарына қатысқан екен. Соғыстың басында Беларусь майданының қолбасшысы, генерал-майор Павлов, ал оны алып тастағаннан кейін маршал Тимошенко болды. 1941 жылы Смоленск облысында, Рославль қаласының астында біздің армия қоршауға алынды. Сол кезде мен де тұтқынға түстім. Тұтқында болған уақыт яғни, 1945 жылдың сəуірі мен 9 мамыры аралығында мен
ағылшындар ұшақтардан лақтырған парақшаларды таратушы болдым.
Кейін ағылшындар мені азат етті, – деп өзінің ерліктерімен бөлісті. Содан кейін 1945 жылдың желтоқсанынан бастап, Кострома облысынада 14-ші жұмыс батальонының құрамында хатшы ретіндегі қызметке кіріседі. 1946- 1947 жылдар аралығында Кострома облысының Антропов ауданында Долматов атындағы ағаш зауытында клуб меңгерушісі болып жұмыс істейді. 1947 жылдың қазан айында КСРО Министрлер Кеңесінің КСРО азаматтарын репатриациялау істері жөніндегі басқармасының
жəне КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Құрлық əскерлері қызметі басқармасының рұқсатымен, сондай-ақ «Химлеспром» тресінің бұйрығымен туған жері Қызылорда
облысына оралады. Еліне оралған ардагер 1948 жылдың 5 наурызынан бастап ЯниКурган аудандық дезинфекция бөлімінің бастығы болып жұмыс істейді. Сонымен қатар, жоғары білім алып, оқуын əрі қарай жалғастыру мақсатында В.И.Ленин
атындағы Орта Азия мемлекеттік университетінің (САГУ) биологиятопырақ факультетінің екінші курсына оқуға түсіп, 1952 жылы тамамдайды. 1954-1958 жылдар аралығында Шымкент қаласының Қазақ кешенді тəжірибе станциясында ғылыми қызметкер болып қызмет етеді. Білімін жетілдіру үшін 1958 жылдың желтоқсанынан 1961 жылға дейін аспирантурада оқиды. Содан кейін 1961 жылдың желтоқсанынан
1985 жылдың желтоқсанына дейін «Өсімдіктер физиологиясы» зертханасының меңгерушісі болып зейнет жасына дейін еселі еңбек еткен. 2015 жылы Алматы қаласына қоныс аударады. Сол жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай
Германия үкіметі оған əскери тұтқын ретінде 2600 еуро көлемінде өтемақы төлейді.
Міне, 2015 жылдың қыркүйегінен Адиш Əбдірайымов Қаскелең қаласының тұрғыны.
Өмірлік жары Гүлбанумен 4 бала, 2 қыз, 2 ұлды өсіріп, бүгінде 3 немере мен 4 шөберенің сүйікті атасына айналған қария. Ұлы Отан соғысының ардагері Адиш атаның өнегелі өмір жолы көпке үлгі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments